» » Астанадағы дауылдан келген шығын көлемі 200 млн теңгеден асты

Астанадағы дауылдан келген шығын көлемі 200 млн теңгеден асты


Астанадағы дауылдан келген шығын көлемі 200 млн теңгеден асты
Астананы әбігерге салған дауылдың салдарын жоюға 235 миллион теңге қажет.
Мамандардың есебі осындай. Алайда бұл да нақты сома емес. Табиғаттың тосын мінезінен келген шығын көлемі әлі де есептеліп жатыр. Осы мақсатқа бюджеттен қаржы бөлінбек.
Табиғаттың кешегі тосын мінезі елорда жұртын әбден әбігерге салды. Мамандар дауылдың салдарын саралап, шығын көлемін есептеп жатыр. Қатты желдің әсерінен ұшып кеткен қасбеттер мен шатырларды қалпына келтіруге қомақты қаражат қажет. Күшті дауыл салдарынан 28 көпқабатты тұрғын үй мен 23 әлеуметтік нысанға нұқсан келді. Оның ішінде 13 балабақша мен 7 мектеп ғимараты зақымданған. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды қалпына келтіру үшін қала бюджетінен 235 миллион теңге бөлінуі тиіс.
Еркін Отарғалымұлы, Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы:
– Шығынды өтеу сұрақтары құрылыс нысандарына және жеке мүлікке өтеледі. Алдын ала есептеулер бойынша қала бюджетінен 235 миллион теңге қаражат қажет.
Заңға сәйкес пәтер иелері коперативі ғимаратты жылына екі мәрте көктемде және күзде тексеруі керек. Егер қандай да бір ақаулар шықса, жөндеп, қасбеттерді қалпына келтіруі тиіс. 10 жылдық кепіл беру мерзімі аяқталған нысандарды жөндеуге тұрғындардан жиналған қаражат жұмсалады. Кешегі дауылдан автокөлік иелері де зардап шекті. «112» қызметіне төтенше жағдай кезінде 16 хабарлама түсіпті. «Дауылдан көліктері зардап шеккен тұрғындар шығынды пәтер иелері кооперативінен өндіріп алуына болады», – дейді заңгерлер. Ол үшін жол полициясын шақырып, қажетті құжаттарды толтырып, шығын көлемін екінші тарапқа жібереді. Егер ПИК бұл шешіммен келіспесе, мәселе сот арқылы шешіледі.
Еркін Отарғалымұлы, Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы:
– Егер зардап шеккен нысан сақтандырылған болса, онда сақтандыру компаниясының қаражаты есебінен өтеледі. Әр нысанның зардап шегу деңгейі әртүрлі ғой. Біреуінде бес текше метр ғана қасбеті бөлінген болса, кейбірінде 300-400 текше метр болуы мүмкін. Сол себепті қаражат соған сәйкес болады.
Кешегі күшті желден 10 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді. Әйтеуір олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Жалпы дауылдан Астананың сол жағалауы мен шығыс бетіндегі ғимараттар көп зардап шекті. Төтенше жағдай салдарын жою мақсатында арнайы штаб құрылып, іс-шаралар жоспарын бекітті.

24 мамыр 2018 ж. 1 268 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 13:25
Levitra Foto viagra Cialis Interazioni Farmaci No Prescription Discount Pharmacy Kamagra Super Review

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031