» » Жүрекке пайдалы азық-түліктер

Жүрекке пайдалы азық-түліктер

Саламатты өмір салтының маңызды қағидаларының бірі – дұрыс тамақтану. Уақытылы әрі пайдалы тамақ ішу денсаулықтың басты кепілі. Ал соның ішінде жүрек жұмысын қалыпты деңгейде ұстау үшін қандай азық-түлік тұтыну керек? Good House ұсынған мына кеңеске назар аударыңыз.


Шемішке

100 грамм күнбағыс шемішкесінде жүрек жұмысын қалыпты ұстауға қажет магнийдің бір күндік нормасының 10%-ы бар. Оған қоса, шемішке жүрек-қан тамырлары жүйесі үшін маңызды мырышқа бай. Ал асқабақ шемішкесі холестериннің мөлшерін азайтуға қауқарлы. 

Кофе

Сидней университетінің ғалымдары кофені тұрақты тұтынатындардың жүрек ырғағы қалыпты болатынын анықтаған. Тек еш қоспасыз, сүтсіз қара кофе ішу маңызды және күндік нормадан аспаған жөн.

Қызанақ пастасы

Ликопин – жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды. Оның ағзадағы мөлшері азайса, жүрек-қан тамырлары ауруы қозуы мүмкін. Бір шәй қасық қызанақ пастасында ликопиннің бір күндік нормасы бар.

Картоп

Әдетте диетологтар тамақ рационынан картопты алмауға кеңес береді. Өйткені буға піскен картоптың денсаулыққа пайдасы оразан зор. Оның құрамындағы калий қан қысымын дұрыстап, В6 дәрумені қызыл қан денешігін түзуге көмектеседі.

Банан

Күніне кішкене ғана банан жесеңіз ағзадағы калий мен натрийдің қажет деңгейін сақтап отыруға болады. Ол барлық бұлшықеттің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Йогурт

Бар болғаны екі йогуртты күнделікті тамақ рационыңызға қосу арқылы инфаркт пен инсульттің болу қауіпін 30% түсіруге болады. Тек йогурт қантсыз және майы алынған болуы керек.

Жүрек жұмысы қалыпты болуы үшін ағзадағы мына элементтердің мөлшері маңызды: 

Йод – бұл химиялық элемент зат алмасу процесіне әсер етеді. Ол кальмар, теңіз балығы, балдырлар мен асшаяндар сынды теңіз өнімдерінде көп. 

Калий – денедегі артық сұйықтықты жойып, жүрек бұлшықетінің қызметін жақсартады. Інжір, қара өрік, асқабақ, қырыққабат, картоп, қызыл және қара қарақат, сондай-ақ итмұрынның құрамы калийге бай.

Магний – несеп айдағыш және тыныштандырғыш қасиеттері бар химиялық элемент. Бұл элемент қан тамырлары қабырғаларына қатқан қанды кетіреді. Ағзадағы магний жеткілікті мөлшерде болуы үшін рационда мынадай тағамдар болуы керек: сұлы, бидай, қарақұмық, қызылша, бұршақ, жаңғақтар және сәбіз. Магнийге тәтті бадам, банан, кебек және соя ұны бай.

massaget.kz
31 қазан 2020 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031