» » Диетолог: Тамақты ұзақ шайнаған ұзақ өмір сүреді

Диетолог: Тамақты ұзақ шайнаған ұзақ өмір сүреді

"Тамақты ұзақ шайнаған адам ұзақ өмір сүреді, ал аз шайнағанды табиғаттың өзі жазалайды". Бұл – Гораций Флетчер (Horace Fletcher) есімді америка диетологының сөзі.

Дұрыс тамақтану жолын дәріптеген Флетчердің ілімін құп көретіндер де, оны сынаушылар да бар. Десе де, адам ағзасы шайнаған асты тез сіңіретіні Флетчерге дейін де, одан кейін де айтылған. Мәселен, орыс ғалымы, Нобель сыйлығының иегері Иван Павлов "Ас қорыту физиологиясы" еңбегінде адам асқазанын емдеу үшін оның тамақты шайнауынан, тіс аппаратын жөнге келтіруден бастау керек деген тұжырым айтқан.

Флетчердің айтуынша, адамның ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Адамның тісі жануарлар сияқты тамақты үзіп, ұсақтап жеу үшін емес, ең алдымен, тамақты қорыту үшін керек. Ауыз қуысынан бөлінген сілекейдің құрамында химиялық ферменттер болады. Бұл тамақтың езіліп, ыдырауына ықпал ететін сұйықтық. Асты көбірек шайнаған кезде, сілекей көбірек бөлініп, тағамның әр бөлігін ферменке толтырады. Бұл өз кезегінде, асқазанға барған астың жартылай қорытылған күйде баруына септігін тигізеді.

Флетчер алғашында асты, кем дегенде, 32 рет шайнау керек деген. Кейін оны 100-ге дейін көтерді. Сұйық тағамдарды да, сүт пен суды, шырын мен айранды да шайнап жұту керек деп ұсынды. Сұйықты бір-ақ жұта салмай, ұрттап-ұрттап шайнаған жөн дегенді алға тартты.

Шайнау арқылы ас қорытуды жөндеуге, денсаулықты жақсартуға болатынын дәлелдеу үшін тәжірибелер жасады. Соның бірі – Американың әскери академиясының сарбаздарына жасаған тәжірибесі. Бір топқа арық сарбаздарды, келесі топқа толық офицерлерді жинап, шайнау тәсілін үйретеді. Нәтижесінде толықтар арып, арықтар салмақ қосқан.

Диетологтың өзі 40 жасынан бастап көп шайнау тәсіліне көшіп, соның арқасында 29 келі тастаған. Оның тәсілін Эптон Синклер, Джон Рокфеллер, Генри Джеймс, жазушы Марк Твен сынды танымал тұлғалар пайдаланды. Соның арқасында Синклер 90 жыл, Рокфеллер 97 жыл өмір сүрген.

Тамақты ұзақ шайнаған адам ұзақ өмір сүреді деген ұғым осыдан шықса керек.

Көп шайнаудың пайдасы

Жоғарыда айтылғандай, тамақты көбірек шайнаған адамның асқазаны ауыр тағамдарды қорыта алмай қиналмайды. Оның үстіне, көп шайналған тамаққа адам тез тоятын көрінеді. Өйткені асқазан адам ағзасына қажетті тағамның толық түскенін тез сезінеді.

Ауыз қуысы мен сезім рецепторларының жұмысы жақсарып, дәм сезуі күшейеді. Соның арқасында адам өте тәтті тағам іздемей, табиғи өнімдерді өңдеусіз-ақ жей беретін болады. Ащы, тәтті тағамдарға, ішімдік пен кофе, шәйға деген тәбет азаяды.

Асқазан өзіне түскен аз тағамды толық қорытады да адамның зат алмасу процесі күшейеді. Асқазанда артық ас қалмайды. Содан адам ағзасы өзін-өзі улауды доғарады. Ал асқазанға артық ас түспегеннен кейін оны қорытуға артық энергия жұмсамайды.

Осының арқасында Флетчер 40 жасында артық салмақтан арылып, созылмалы ауруларынан айыға бастаған. Ал 50 жасында марафонға қатысып, рекорд орнатқан көрінеді.

15 қазан 2020 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031