» » Саулықтың сыры – саумалда

Саулықтың сыры – саумалда

Індеттің уы қайта өршіп, ел пневмонияға шалдыққан да бүкіл халық дәріхана кезіп кетті. Дәрі алғандар үйінде жатып емделсе, ал қолы жетпегендер өз еркінше басқашалай ем-шара жасады. Қалай дейсіз ғой? Кәдімгі ағарған ішіп, табиғи сауықты. Төрт-түлік сүтінің емдік қасиетіне жүгінді. Соның ішінде ең негізгі қуаттысы – жылқы сүтіне сұраныс артты. Қазіргі таңда ауданда бие сауып, саумалмен емдеу жүргізетін шипажай жоқ. Десе де өз алдына кәсіп етіп, дертіне шипа іздеп келген жандарға биенің ағарғанын ұсынып жүрген Дәрменқұловтар отбасы бүгінде көпке танымал.
Әдетте ел-жұрттан естіп жатамыз. Қайбір күні көрші қарындасымның «саумал ішіп жүрмін» деген сөзі құлағымды елең еткізді. Көптен бері қымызға аңсарым ауып жүргенін біліп қойғандай мұнысы маған сүйіншілей жеткізгендей болды. «Қайда бар, мекен-жайы қайда?» деп тергей кететініміз қанымызда бар әдет қой. Сонымен тұрақты жерін біліп, ертесіне сонда жол тарттық. Кенттің ішінде емес, сыртына шықтық. Сырдарияның арғы бетіне өтіп жол жиегіндегі шағын үйге тоқтадық. Өзіміз көп болмасақта төрт адам көліктен түсіп, әлгі үйге топырлай кірдік. Алдымыздан қарсы алған үй иесінің «кел кіріңдер» деген жылы шырайы жаныма майдай жақты. Алдымызға әкелген үлкен ақ сапаркеседегі қою сүтті «ем болсын» деп сіміріп салып, ұртымызды біра-ақ сүрттік. Майда жаққан саумалдың буымен үйдегі қожайын Әбдірахман аға мен Ұлмаш апаны әңгімеге тарттық.
– Е-е, мұнда келіп ел болғанымызға 20 жылдан асыпты. Сол уақытта біраз қиыншылық өтті ғой, жарықсыз, сусыз да күн көрдік. Ең бастысы қазір шүкір жақсымыз, жылқы малының арқасында еңсемізді тіктедік. Бие сауып, қымыз пісіп елге ұсынып жатқан жайымыз бар. Халыққа шипа болсын деген ниетпен кішкене кәсібімізді жүргізіп отырмыз, – деді ағамыз.
Әбдірахман көкеміз бүгінде ата жолын жалғап, өрісін кеңейтуде. Басында бір үйір жылқысы бар. Күніге биелерін бес мезгіл сауады. Азанда ерте жылқыларды айдап келгеннен кейін екі сағат тынықтырып саууға кіріседі. Ұлмаш апамызды әбден иісінен таныған жылқылар өзге ге саудыртпай, жеріндегі сүтін идірмей тұрып алады екен. Жылқы сүтінің пайдасы көп дейді ол.
– Саумал асқазан, өкпе, жүрек ауруларына ем, қан айналым, ішек жұмысына көмектеседі. Жалпы денсаулыққа шипа болсын десеңіз саумалды кем дегенде 15 күн ішкен жөн. Ол әркімге әрқалай әсер етеді. Алғашқы 1-2 күнде іш жүргізуі мүмкін. Ал 2-3 күннен кейін тоқтаса ағза оған бейімделіп, бойға сіңіп жатыр деген сөз. Кері әсер ететін кездері де болады, ол кезде денсаулығыңызды тексерткеніңіз дұрыс, – дейді отанасы.
Жылқы қымызының тұрған күніне қарай атауы әр түрлі айтылады екен. Мәселен, үш күн тұрған қымыз – құнан, төрт күндегісі – дөнен, ал бес күнде тұрғаны – бесті деп аталады.
Мұнда қымызды сырттан арнайы іздеп келушілер көп көрінеді. Арал, Қазалы, тіпті басқа аймақтан да келіп, қымызды алып кетеді дейді. Қазіргі таралып жатқан індетке байланысты мұнда келіп саумал ішушілер өте көп. Карантин талаптарына орай келушілерді әр уақытқа белгілеп қойған. Бізде саумалдың буымен әңгімемізді аяқтап кері қайттық.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
14 шілде 2020 ж. 1 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031