» » Қызылордада «Кітап сыйла» акциясы​ өтті

Қызылордада «Кітап сыйла» акциясы​ өтті

Қызылордада «Кітап құрттары» клубының және Қызылорда еріктілерінің ұйымдастыруымен «Кітап сыйла» акциясы өтті, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
Акцияға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аға офицері аға лейтенант Ғафур Ақмырзаев та өз үлесін қосып, Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар жиынтықтарын, жылдар бойы жинаған «Пожарный и спасатель Казахстана» және «Сыр құтқарушысы» журналдарын сыйлады.Аталған іс-шараның мақсаты - Қызылорда қаласы тұрғындары мен еріктілер өз кітаптарын келесі бір тұрғынға ұсына отырып, жиналған кітаптардан өзіне керекті кітаптарды ақысыз түрде ала алуы болды.
Сондай акцияда жиналған журнал мен кітаптар «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» тапсырылды.


«Азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар жиынтықтарын, жылдар бойы жинаған «Пожарный и спасатель Казахстана» және «Сыр құтқарушысы» журналдарын тұрғындарға сыйлаудағы мақсат – жастар арасында бұқаралық құтқарушы жұмысын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, сондай-ақ жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеуді насихаттау», – деді Ғафур Әлиұлы.

07 шілде 2020 ж. 1 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 667
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 423

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031