Зере иммунитетті көтереді
Қара зерені (черный тмин) көбіне xалықтық медицинада пайдаланады. Оның адам денсаулығына тигізер пайдасы мол және әр түрлі ауруларға ем болады. Ендеше зеренің емдік қасиеттері жөнінде мәлімет ұсынамыз.
Қара зеренің құрамында В дәруменінің барлық топтары, аскорбин қышқылы т.б. заттар бар. Зеренің 100 грамы 44,2 гр көмірсу, 22,2 гр май және 17,8 гр ақуыз, 10,5 гр қант пен жасұнықтан тұрады. Яғни 100 грамм зереде 375 ккал бар деген сөз.
Зерені қай тағамға қоссаңыз да ол астың тез ашып кетуіне жол бермейді. Сонымен қатар асқазан сөлінің бөлінуін жылдамдатады әрі бактерияларды өлтіреді.
Зеренің тұқымын мықты несеп айдағыш, жел айдағыш ретінде жеуге болады. Оны тағамға қосып жегенде демді тазартып, сілекейдің бөлінуін азайтады екен. Бұдан бөлек зере простатит ауруын жеңіп, ерлер мен әйелдерде кездесетін несеп-жыныстық жүйесіндегі барлық ауруларға жағымды әсер етеді.
Зеренің дәні күшті бактерияға қарсы әрі қақырық түсіретін қасиетке ие. Сол себепті зерені тұмауратқанда, демікпемен ауырғанда, ішекке инфекция түскенде қабылдайды. Сонымен қатар зере зат алмасуды реттеп, ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады. Ал артық салмақтан арыла алмай жүрген жандар бұл дәнді тағамға қосып жейтін болса, ойдағыдай нәтиже береді. Қаназдық пен гастрит кезінде де зерені жеген өте пайдалы.
Зеренің бұдан да басқа пайдасы жетерлік. Мәселен, ол адам ағзасындағы иммундық жүйеге жағымды әсер етеді. Сондықтан бас айналуды болдырмай, қанайналым жұмысын қалыптастырады. Сонымен қатар зерені жеген адамның күші артып, жұмысқа деген құлшынысы ояна бастайды. Күніне бірнеше грамм зере жегеннің өзінде иммунитет көтеріліп, адамның артериялық қантқысымы да қалыпқа келеді. Бүйрек пен жүрек-қан тамыр жұмыстары зеренің арқасында бір қалыпқа түседі. Ең бастысы зере іштегі түрлі паразиттерден құтылуға септігін тигізеді.
Демікпе мен жөтел қысқанда:
— Көкірек пен арқаға зире майымен массаж жасау керек;
— Ингаляция жасауға да болады (1 литр суға 1 ас қасық зире);
— Көкірек тұсын зире майы мен зәйтүн майын араластырып сылайсыз (1:5 көлемінде);
Бас ауырғанда:
— 1 ас қасық зере майын қабылдау керек. Сонымен бірге бастың ауырған тұсына массаж жасай отырып майды жағу керек.
Есіңізде болсын, ем қабылдау кезінде тәттілерді жемеген жөн.
Пікір 72