» » ЖЕЛАЯҚ ЧЕМПИОН

ЖЕЛАЯҚ ЧЕМПИОН

Жақында Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан жастар арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті.

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жабық спорт кешенінде өткен дүбірлі жарысқа Сыр бойы құрамасы сапында №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Мұрат Кетебаев және Рашида Сарбасованың шәкірті Рақымжан Келманов та қатысты.

Жарыс барысында 2000 метрлік қашықтыққа кедергі арқылы жүгіруде желдей есіп, Қазақстан құрамасы сапында бірге өнер көрсетіп жүрген шымкенттік және астаналық командаластарынан бұрын мәреге бірінші болып жеткен Рақымжан жарыс жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар, Рақымжан ересектер арасында 2000 метр қашықтыққа кедергі арқылы жүгіруде жүлделі ІІ орынды иемденді.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
19 ақпан 2019 ж. 1 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930