» » «АЛТЫН КҮЗ – 2026»: ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ


Жалағаш ауданында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Алтын күз – 2026» XXXIX облыстық спартакиадасы басталды.

Биыл 39-шы рет өткізіліп отырған дүбірлі спорт додасына қасиетті Қармақшы ауданынан 15 спорт түрі бойынша 160 спортшы қатысуда. Спартакиада ауыл спортшыларының өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауына мүмкіндік береді.

Ауқымды жарыстың басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін қайта жаңғырту, ауылдық жерлерде бұқаралық, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерін насихаттау. Сонымен қатар жас ұрпақты салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулуға бағытталған.

Қармақшылық спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Жеңісті жолда жарқын нәтижелер мен толағай табыстар серік болсын!

09 қазан 2026 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 243

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031