» » ОБЛЫСТЫҚ «АЛТЫН КҮЗ-2025» СПАРТАКИАДАСЫНДА ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ «АЛТЫН КҮЗ-2025» СПАРТАКИАДАСЫНДА ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ


Қызылорда қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Алтын күз – 2025» облыстық спартакиадасы өтуде.

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастарылған ауқымды спорттық іс-шараға облыс аудандары мен қала командалары тартысты бәсекеге түсіп, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетуде.

Игі дәстүрге айналған бұл жарыс биыл спорттың 18 түрі бойынша өткізіліп отыр.

Жарыстың алғашқы күнінен-ақ Қармақшы ауданының спортшылары алғашқы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, қазақ күресі бойынша аудан командасы үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынды иеленсе, кикбоксинг спортынан 3-орынды жеңіп алды.

Спартакиаданың жарыс күндері әлі жалғасуда. Алдағы уақытта қалған спорт түрлері бойынша да сайыстар өтеді. Қармақшы ауданының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс жолын жалғастыра түседі деген сенімдеміз.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

20 тамыз 2025 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930