» » ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ПЕН ШЕБЕРЛІК СЫНАЛҒАН КҮН

ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ПЕН ШЕБЕРЛІК СЫНАЛҒАН КҮН

Өткен аптада аудандық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында дәстүрлі аудан әкімінің кубогына арналған волейбол жарысы ұйымдастырылды. Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бұл сайыс жыл сайын өз деңгейін көтеріп, қатысушылар санын арттырып келеді.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, командаларға сәттілік тілеп, жарыстың маңызын атап өтті.
– Аудан әкімінің кубогына ауданымыздың әр мекемесінен жиналған мықты командалар қатысып отыр. Бұл – Қармақшы ауданының ұйымшылдығы мен белсенділігінің айқын көрінісі. Сіздерге жоғары көңіл-күй, әділ ойын, ерекше жарыс тілеймін. Барлықтарыңызға сәттілік серік болсын, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Биылғы дүбірлі додаға 8 команда, шамамен 100-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысып, өзара мықтыны анықтады. Әр ойын жоғары қарқынмен өрбіп, тартысты кездесулер көрерменге ерекше әсер қалдырды.
Жарыс нәтижесінде ІІІ орын – «Мәдениет саласы» командасына, ІІ орын – «Білім саласы» командасына бұйырды. Ал шешуші ойындарда үздік өнер көрсеткен «Денсаулық қызметі» командасы қарсыластарынан айқын басым түсіп, І орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімінің арнайы дипломы және кубогымен марапатталды. Сонымен қатар ойын барысында ерекше көзге түскен үздік спортшыларға да арнайы Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.
Спорттық дода мемлекеттік қызметкерлердің бірлігін нығайтып қана қоймай, олардың салауатты өмір салтын ұстануына да жол ашты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аудан әкімінің кубогына арналған волейбол турнирі алдағы жылдары да тұрақты түрде өткізілетін болады.
Аудандағы спорттық өмірдің жандана түсуі – бұқаралық спорттың дамуына, тұрғындардың белсенді өмір салтын қалыптастыруына зор ықпалын тигізері сөзсіз.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
09 желтоқсан 2025 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930