Топ-баннер
» » «CHESS CHAMPIONS» АУДАНДЫҚ ШАХМАТ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

«CHESS CHAMPIONS» АУДАНДЫҚ ШАХМАТ ЖАРЫСЫ ӨТТІ


Қармақшыда аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Chess Champions» тақырыбындағы аудандық шахмат жарысы өтті.

Жарыстың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев арнайы қатысып, жас спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

«Спорттық шаралар, әсіресе ақыл-ойды шыңдайтын шахмат секілді зияткерлік бағыттар, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына зор ықпал етеді.Елімізде де шахматты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазақстандық жас шахматшылар халықаралық және республикалық додаларда үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік деңгейде ел абыройын асқақтатып жүр. Қасиетті Қармақшы топырағының жас дарындары да бұл үрдістен қалыс қалмай, түрлі сайыстарда жоғары жетістіктерге жетуде. Бүгінгі байрақты бәсеке шеберлік пен табандылықтың алаңына айналатынына сенемін. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін!»,- деді, өз құттықтауында.

Биылғы сайысқа аудан мектептерінен келген 21 команда және оқушылар үйінің командасы қосылып, жалпы 22 команда, 66 оқушы бақ сынады.

Жарысқа төрелік еткен қазылар алқасының бағасы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен оқушылар арнайы марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. Бағалау қорытындысы бойынша І орынға №273 орта мектеп командасы, ІІ орынға 250 мектеп-лицей командасы, ал ІІІ орынға №111 орта мектеп командасы лайық деп танылды.

Еске салайық, жас шахматшылардың шеберлігін шыңдау мен ауданымызда шахмат спортын дамыту үшін өткізілген бұл жарыс, биыл дәстүрлі түрде екінші рет ұйымдастырылуда.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 қараша 2025 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 459
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 291

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728