» » ШАХМАТТАН БАҚ СЫНАДЫ

ШАХМАТТАН БАҚ СЫНАДЫ

Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да қызықты спорт ойыны. Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет V ғасырда Үндістанда шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тапқан.
«Ең әсерлі білім – сені жеңе алатын бәсекелеспен шахмат ойнау» деп америкалық публицист Ричард Бах айтпақшы, адамның бәсекеге қабілеттілік қасиетінің дамуына шахматтың пайдасы көп. Тіпті, әлемдегі ел басқарған айтулы саясаткерлер шахмат ойнап, табысқа жете білген. Бүгінде Қазақстанда шахматты жүйелі түрде дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда аймақтың жас шахматшылары халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарып, үздіктер қатарынан көрінуде.
Осы орайда, ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша екені баршамызға мәлім. Жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуі үшін спорттық шаралардың да мәні ерекше. Спорт арқылы балаларды салауатты өмір салтын сақтауға баулу және шахмат спортын қолдау, дамыту мақсатында аудандық білім бөлімі және Қармақшы ауданының оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «CHESS CHAMPIONS» тақырыбындағы шахматтан мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс өткізілді.
Аталмыш іс-шараға аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі, Қазақстан Халық Банкі АҚ Байқоңыр өңірлік филиалы демеушілік көрсетіп, қолдау білдірді. Сонымен қатар аудандық жарысқа №15-ші ауданның олимпиадалық мамандандырылған резервтің балаларжасөспірімдер мектебінің «Тоғызқұмалақ» бөлімшесінің жаттықтырушысы Әбу Төремаханов, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің Спорт клубының «Шахмат» бөлімшесінің жаттықтырушысы Наурыз Ерлепес, ауданның дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің «Шахмат» бөлімшесінің жаттықтырушысы Мәлік Әлжанов төрешілік жасады.
Байрақты бәсекеде асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетіп, нағыз жеңімпаздар анықталатын сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Жарысқа аудан мектептерінен 23 команда анықталып, 69 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша командалық және жекелей ұпай сандары есептеліп, жеңімпаздар марапат төрінен көрінді. Командалық есеп бойынша І орынды №273 орта мектеп жеңіп алса, ІІ орынды №277 мектеп-лицей, ІІІ орынды №250 мектеп-лицей қанжығасына байлады. Алғыс хатпен №99 орта мектеп командасы марапатталды.
Фариза ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ,
аудандық оқушылар үйі директорының
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
22 қараша 2024 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 777

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031