» » Мектептерде шахмат міндетті пәнге айналуы мүмкін

Мектептерде шахмат міндетті пәнге айналуы мүмкін

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов мәлімдеді.
«Федерацияның мақсаты – шахматты кеңінен насихаттау арқылы интеллектуалды ұлт қалыптастыру. Тең мүмкіндіктерді құру. Біздің екі амбициямыз бар. Біріншісі – шахматты мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізу болса, екіншісі – біздің ерлер, әйелдер және балалар командалары әлемнің үздік ондығына тұрақты түрде енуі», – деді Дәрмен Сәдуақасов журналистермен кездесуінде. Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап Қазақстанның кейбір мектептерінде шахмат жаңа факультатив пән ретінде оқытылады. «Федерация дайындық жұмыстарын жүргізеді. Әңгіме орыс және қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау туралы болып отыр. Мұндай ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін ұстаздарды дайындау қажет. Ол үшін еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындары арнайы кафедралар ашуды көздеп отыр», – деді ол. Федерация 2027 жылға қарай шахмат Қазақстанның барлық аймағында міндетті пәнге айналады деп жоспарлап отыр. «Шахмат көп нәрсені үйретеді және әділ бәсекелестік пен меритократия қағидаттарын сіңіреді. Бүгінде елімізде 50 мыңнан астам бала шахмат ойнайды», – деп қосты Сәдуақасов.

24.kz



21 шілде 2022 ж. 1 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031