» » Қазақстанда Дәрмен Сәдуақасов кубогына арналған шахмат турнирі өтеді

Қазақстанда Дәрмен Сәдуақасов кубогына арналған шахмат турнирі өтеді

28-30 тамыз аралығында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы және «Bolashaq» қауымдастығы жедел шахматтан балалар онлайн-турнирі – халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған жарысқа 600-ге жуық қазақстандық жас дарын қатысады деп күтілуде.

Іс-шараның басты міндеті - карантин және халықаралық шекаралар жабық кезеңде сапалы турнир тәжірибесін қажет ететін отандық таланттарды қолдау. Жарыс 2002-2005, 2006-2009 жылдары, сондай-ақ 2010 жылы туған және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасында өтеді. Жүлде қоры - 2,6 млн теңге. Сонымен қатар, ұлдар мен қыздарға жеке сыйлық тағайындалды. Турнир lichess.org ойын алаңында өтеді. Ойын Швейцария жүйесі бойынша 9 турдан тұрады. Уақытты бақылау – партияның соңына дейін әр қатысушының жүрісіне 15 минут + 10 секунд.
Жарысқа қатысу үшін өтінімдер dscup2020@gmail.com электронды поштасына қабылданады, тіркеу мерзімі - Нұр-Сұлтан уақытымен 24 тамыз 18:00-ге дейін. Өтініште жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және ұялы телефон нөмірін қоса көрсету қажет. Бүгінде турнирге 200-ден астам ойыншы тіркелген.
Турнирдің бас төрешісі - халықаралық төреші, ФИДЕ шебері Ержан Шәкенов. Античитерлік комиссияны халықаралық гроссмейстер Әнуар Исмағамбетов басқарады. Комиссияның міндеті - әділ ойынды қамтамасыз ету және сыртқы кеңестер мен компьютерлік бағдарламаларды қолдануға байланысты түрлі бұзушылықтарға жол бермеу. Алаяқтықпен күрес - қазіргі шахматтың басты мәселесі. Тіркеу, төрешілік, жүлделерді бөлу, төрешілер мен античитерлік комиссияның жұмысы туралы толық ақпаратты жарыс ережесінен білуге болады.

21 тамыз 2020 ж. 1 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031