» » ҚАРМАҚШЫДА БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ


Бүгін аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қармақшы ауданы әкімінің жүлдесіне арналған шағын футболдан облыстық турнир басталды.

Аталған турнир – Сыр өңіріндегі БАҚ өкілдерінің кәсіби ынтымақтастығын нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу, сондай-ақ спорт арқылы достық пен әріптестік байланыстарды арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, «Сыр медиа» ЖШС-нің бас директоры Марат Жайлханұлы, "Әлімсақ" журналы және «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы сөз сөйлеп, журналистердің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, турнирдің маңыздылығына тоқталып, командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа «Сыр медиа» ЖШС, «Qyzylorda.tv», «Qogam.tv», "Меншікті тілшілер" және «Достық» командалары қатысып, 50-ден аса бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері спорттық бәсекеде өзара бақ сынауда.

Турнир бірнеше кезең бойынша өтіп, жарыс қорытындысымен үздік командалар мен ойыншылар дәрежелік дипломдар, арнайы номинациялар және қаржылай сыйлақтар бойынша марапатталатын болады.

05 шілде 2025 ж. 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 120
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 704

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031