» » БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Сыр журналистикасының саңлағы Сағитжан Бермағанбетовты еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті.

Спорттық шараға аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысты. Жарыс соңында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларды марапаттады.

Турнир қорытындысы бойынша:
Қызылорда Қоғамдық телеарнасы турнир жеңімпазы атанды.
Облыстық “Qyzylorda” телеарнасы екінші орынды еншіледі.
Ал меншікті тілшілерден құралған команда үшінші орынға табан тіреді.

Сонымен қатар, жарыс алаңында ерекше ойын өрнегімен көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
Үздік қақпашы – Абзал Жолтерек
Үздік ойыншы – Бауыржан Қожамұратов
Үздік шабуылшы – Шыңғыс Нұрбай Үздік қорғаушы – Нұрлан Жақыпбек

Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

21 маусым 2025 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930