» » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ


Ауданымызда мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында аудан әкімінің кубогына арналған волейбол жарысы өтті. Турнирдің ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, командаларға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығын атап өтті.

-Аудан әкімінің кубогына ауданымыздың әр мекемесінен жиналған мықты командалар қатысып отыр. Бұл – Қармақшы ауданының ұйымшылдығы мен белсенділігінің айқын көрінісі. Сіздерге жоғары көңіл-күй, әділ ойын, ерекше жарыс тілеймін. Барлықтарыңызға сәттілік серік болсын,- деді өз сөзінде.

Жалпы сайысқа 8 команда, 100-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысып, өзара бақ сынады. Тартысты өткен ойынның нәтижесінде ІІІ орынды - «Мәдениет саласы» командасы, ІІ орынды - «Білім саласы» командасы иеленсе, І орынды - «Денсаулық қызметі» командасы үздік шығып, жеңімпаз атанды.

Жүлдегер командалар аудан әкімінің арнайы дипломдарымен, медальдарымен және кубогымен марапатталды. Сонымен қатар ойын барысында ерекше көзге түскен үздік спортшыларға да арнайы марапаттар табысталды.

Салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған бұл сайыс алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 желтоқсан 2025 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 127

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930