» » БАҚ ӨКІЛДЕРІ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН БАҚ СЫНАСТЫ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН БАҚ СЫНАСТЫ

Өткен сенбіде аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында аудан әкімінің жүлдесіне арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті.
Аталған турнир – Сыр өңіріндегі БАҚ өкілдерінің кәсіби ынтымақтастығын нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу, сондай-ақ спорт арқылы достық пен әріптестік байланыстарды арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, «Сыр медиа» ЖШС-ның бас директоры Марат Жайылханұлы, «Әлімсақ» журналы және «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы сөз сөйлеп, журналистердің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар турнирдің маңыздылығына тоқталып, командаларға сәттілік тіледі.
Жарысқа «Сыр медиа» ЖШС, «Qyzylorda.tv», «Qogam.tv», «Меншікті тілшілер» және «Достық» командалары қатысып, 50-ден аса бұқаралық ақпарат құралының өкілдері спорттық бәсекеде өзара бақ сынады.
Турнир бірнеше кезең бойынша өтіп, жарыс қорытындысында үздік командалар мен ойыншылар дәрежелік диплом, арнайы номинациялар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Нәтижесінде I орынды «Меншікті тілшілер» командасы, II орынды «Сыр медиа» ЖШС командасы, III орынды «Qyzylorda.tv» командасы жеңіп алды. Сонымен қатар турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншыларға «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялары беріліп, жарысқа белсене қатысқан басқа да командаларға Алғыс хат табысталды.
«ҚТ» ақпарат
10 шілде 2025 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930