» » ВОЛЕЙБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ӨТТІ

ВОЛЕЙБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ӨТТІ

Жуырда Жосалы ауылына қарасты №199 орта мектеп базасында «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», ардагер ұстаз Әлиасқар Әбілтайұлын еске алуға арналған волейболдан білім саласы қызметкерлері арасында ІІІ дәстүрлі турнир өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатына Жосалы ауылдық округінің әкімі Владимир Жақсылықұлы, ауылдық алқа билер төрағасы Бақытбек Орныққанұлы қатысып, ұзақ жылдар бойы білім саласында ұстаздық етіп, ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңірген ардақты ел ағасының өнегелі өмір жолдарынан естеліктер айтып, турнирді ұйымдастырушыларға өзіндік алғысын жеткізді.
Ұстаз есімі ұлықталған спорттық додаға 16 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясы жеңіп алса, ІІ орынды Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектеп, ІІІ орынды Төретам кентіндегі Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектеп иеленді. Ынталандыру сыйлығы №107 орта мектептің мұғалімдеріне бұйырды.
Іс-шарада қорытынды сөз сөйлеген мектеп директоры Жаннат Алмабайқызы киелі білім ордасында аудандық шараны ұйымдастыруда қолдау білдіріп, демеушілік жасаған ұстаздың жары Дәмелі апайға, ұлдары Рахат, Рахмет, Рахман Әлиасқарұлдарына және ұрпақтарына ұжым атынан ризашылығын білдірді.
Айнара ТӨЛЕУҚАБЫЛҚЫЗЫ,
№199 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
07 қазан 2025 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 854
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 573

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930