» » Болашақ чемпиондар ордасы

Болашақ чемпиондар ордасы



Әдетте еліміздің көк байрағын желбіретіп, Әлемдік аренада бой көрсетіп жүрген мықты спортшыларымыз ауылдан шығып жатады. Мәселен, тарихи тұлғаға айналған бір ғана Қажымұқан атамыздың өзі дәлел болмақ. Осындай палуандар жолын жалғап, ізінен келе жатқан жас өрендер ауданымызда жетерлік. Оған жақында Ақжар ауылына барғанымызда көз жеткіздік.
Аудандағы №16 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2005 жылдан бері жас ұрпақты спортқа баулып, ұлттық құндылығымызды дәріптеп келеді. 2006 жылы мектеп құрамында Ақжар ауылдық бөлімшесі ашылып, бүгінгі таңда белсенді жұмыс істеп, жас өрендерді спортқа тәрбиелеуде. Ауылдағы спорт мектебінің негізгі бағыты – қазақ күресі. Қазіргі уақытта мұнда 90-ға жуық жас спортшы жаттығуда.
Жастар мен жасжеткіншектердің спортқа деген қызығушылығын оятып, кәсіби деңгейге жеткізу жолында білікті жаттықтырушылар Қайырділдә Рсалдиев пен Мұханбетқали Таубаев тынымсыз еңбек етсе, 2018 жылдан бері белбеу және қазақ күресі жаттықтырушысы болып Салават Таубаев қызмет етуде.Ал енді осы аты аталған бапкерлерден тәлім алып жүрген жас спортшыларға қарап ерекшелікті байқайсың. Шәкірттері шетінен «сен тұр, мен атайын» деп тұрғандай. Әлден көздерінде от ойнап, бойында жігер, намыс тасып тұр. Бұйырса ауылдың атын шығарар қазақ күресінің болашақ чемпиондары.
Жалпы спорттың қай түрі болсын ең алдымен төзім мен шыдамдылықты қажет етеді. Соның ішінде қазақ күресі жоғары деңгейдегі физикалық дайындықты талап етеді. Рухани күш пен төзімділік қазақ күресіне тән қасиеттердің бірі. Сондықтан осы спорт түрін таңдаған спортшы қиындықтарға төтеп беру үшін психологиялық жағынан да мықты болу керек. Жаттықтырушы Салават шәкірттеріне күрес ережелері мен техникаларын жіті меңгеру үшін бар ынтасын бөліп, жиі залда бас қосып отырады.
– Қазақ күресі – қазақтың көне де асыл спорт түрі. Бұл спортты меңгерген қазақ баласы рухтанып, жігерленіп жүреді. Өзімде бала кезден қазақ күресіне қызығып, соның жолында тер төктім деп айта аламын. Бұл спорт дене күшін ғана емес, намысты да шыңдай түседі. Ақжар ауылындағы спорт мектебінде үш жаттықтырушы өз тәжірибеміз бен білімімізді балаларға үйретудеміз. Біздің мақсатымыз – өз мәдениеті мен дәстүрін мақтан ететін, ауылдың, елдің атын шығаратын чемпиодар өсіріп тәрбиелеу. Қазақ күресі арқылы өз мұрамызды сақтап, келешек ұрпаққа жеткізе аламыз. Шәкірттердің жетістікке жеткенін көру – жаттықтырушы үшін ең үлкен марапат. Олардың спорттық әдіс-тәсілдерді меңгергеніне қуанамыз, – дейді Салават Таубаев.
Бүгінде ауылдағы спорт мектебінде жаттығып жүрген жас спортшылар облыстық және республикалық додаларда топ жарып, ауылдың абыройын асқақтатып жүр. Соның ішінде Ерасыл Құдабай ауыл спортшылары арасындағы спартакиада жеңімпазы. Сонымен қатар Дінмұхаммед Өтеш пен Ерасыл Мұхамбетқали Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері атанған.Жалпы осы күнге дейін спорт мектебінен 20-ға жуық спорт шебері үміткері шыққан. Бұл –өз алдына үлкен жетістік.
– Биылғы жылы мектеп «Батыр боламын» ұлттық қоғамдық қорының қолдауымен қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде жаттығу сапасын арттырып, спортшылардың кәсіби дамуына жаңа серпін беріп отыр.Соның нәтижесінде жас спортшыларымыз жазғы демалысты тиімді пайдалану мақсатында Алматы қаласында өткен оқу-жаттығу жиынына қатысуға мүмкіндік алып, тәжірибе алмасып қайтты, – дейді бапкер.
Иә, жалынды жастарымыздың табандылығы мен бапкерлердің еңбегінің арқасында болашақта №16 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен ел намысын қорғайтын әлемдік деңгейдегі спортшылар мен олимпиада чемпиондары шығатынына сеніміз мол.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 қыркүйек 2025 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930