» » СПОРТ САҢЛАҒЫН ЕСКЕ АЛДЫ

СПОРТ САҢЛАҒЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Жақында аудандағы спорт клубы үйінде Әсет Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдо күресінен 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Оған Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы, Жалағаш аудандарынан спортшылар қатысып, бақ сынады.
Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбек спортшыларға сәттілік тілеп, өңірдің спорт саласындағы ауқымды жұмыстарына тоқталды.
– Жүз жыраудың мекені, түбі бір түркінің ортақ тұлғасы Қорқыт баба жатқан қасиетті мекенде дүбірлі жарыс өткізілуде. Президентіміз ҚасымЖомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі» деген болатын. Ауданымызда соңғы 2 жылда аймақ басшысының қолдауымен 4 спорт кешені салынып, іске қосылды. Өткен жылы Жосалы кенті, Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Ақжар, Иіркөл және Төребай би ауылдық округтерінде балаларға арналған спорт және ойын алаңдары салынса, биыл Жосалы, Төретам кенттері мен ІІІ Интернационал ауылында салу жоспарлануда.
Спорт – мемлекетіміздің мерейін үстем ететін, тұрғындарды салауаттылыққа жетелейтін маңызды сала. Бүгінгі жарыс өздеріңізге қарап бой түзейтін жастарымызды елжандылыққа тәрбиелеп, спорттағы бәсекелестікті қалыптастыруға, татулықты нығайтуға септігін тигізетін дода болады деп сенеміз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік, шын мықтыларға жеңіс тілеймін, – деді аудан басшысы.
Айта кетейік, спорт әлеміне өзіндік үлес қосқан талантты спортшы Әсет Сүлейменов 1969 жылы дүниеге келген. Ол өзінің қайсарлығы мен дарындылығының арқасында көптеген республикалық додада жүлделі орыннан көрініп, «КСРО спорт шеберіне үміткер» спорттық атағына ие болған. 1986 жылы еңбек жолын аудандық спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған ол кейіннен ішкі істер органдарында абыройлы қызмет еткен.
Жарыста 130-дан аса дзюдошы жалпы 11 салмақ (ұлдар және қыздар) дәрежесінде татами төрінде бақ сынады. Нәтижесінде ауданның спортшылары қыздар арасында 48 келі салмақта М.Ібраш, 52 келі салмақта М.Бейбітова, 63 келі салмақта А.Сейтханова ІІІ орын алса, ұлдар арасындағы бәсекеде 50 келі салмақта А.Бағдат ІІІ орын, 55 келі салмақта М.Жаназаров ІІ орын, 60 келі салмақта А.Бақытжан І орын және Е.Түркешов ІІІ орын, 66 келі салмақта С.Бахытжан ІІ орын және И.Қасымов ІІІ орын, 73 келі салмақта И.Таменов ІІІ орын, +73 келі салмақта А.Алиасқаров І орын, Е.Сабитов ІІІ орынды жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздарын марапаттауға аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар, аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков арнайы қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға диплом, медаль, кубок табыстады.
«ҚТ» ақпарат
18 мамыр 2025 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 798
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031