» » ӘСЕТ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ӘСЕТ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен спорт әлеміне өзіндік үлес қосқан талантты спортшы Әсет Сүлейменовты еске алуға арналған дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы облыстық турнирдің ашылу рәсімі өтті.
Аудан басшысы қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірдің спорт саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталды.
- Жүз жыраудың мекені, түбі бір түркінің ортақ тұлғасы Қорқыт баба жатқан Қасиетті Қармақшыға қош келдіңіздер!
Баршаңызды талантты спортшы Әсет Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдо күресінен облыстық турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі», – деген болатын.
Ауданымызда соңғы 2 жылда аймақ басшысының қолдауымен 4 спорт кешені салынып, іске қосылды. Өткен жылы Жосалы кенті, Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Ақжар, Иіркөл және Төребай би ауылдық округтерінде балаларға арнап спорт және ойын алаңдары салынса, биыл Жосалы, Төретам кенттері мен ІІІ Интернационал ауылында салу жоспарлануда.
Спорт – мемлекетіміздің мерейін үстем ететін, тұрғындарды салауаттылыққа жетелейтін маңызды сала. Бүгінгі жарыс өздеріңізге қарап бой түзейтін жастарымызды елжандылыққа тәрбиелеп, спорттағы бәсекелестікті қалыптастыруға, татулықты нығайтуға септігін тигізетін дода болады деп сенеміз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік, шын мықтыларға жеңіс тілеймін», – деді Ж.Еркінбек.
Айта кетейік, Әсет Сүлейменов 1969 жылы дүниеге келген. Ол өзінің қайсарлығы мен дарындылығының арқасында көптеген республикалық додаларда жүлделі орыннан көрініп, «КСРО спорт шеберіне үміткер» спорттық атағына ие болған. 1986 жылы еңбек жолын аудандық спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған ол кейіннен ішкі істер органдарында абыройлы қызмет етті.

12 мамыр 2025 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 526

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930