» » Қармақшыда дзюдо күресінен облыстық турнир басталды

Қармақшыда дзюдо күресінен облыстық турнир басталды


Бүгін Қазақстан Республикасының «Спорт шебері» Сүлейменов Әсет Жәнібекұлын еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир басталды.

Дүбірлі спорт додасының ашылу салтанатына аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, Ә.Сүлейменовтың өнегелі өмір жолы мен спорттық мансабында жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, ауданда спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, спортқа баулу мақсатында салынып жатқан спорт кешендерінің жуырда пайдалануға берілетіндігін айтып, турнирге қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Одан кейін, Қызылорда облысы дзюдо федерациясының Президенті Садық Шоңмұрынұлы сөз сөйлеп, облыстық турнирдің салтанатты ашылуымен құттықтады.

Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі спорт бәсекесіне облыс бойынша 150-ге жуық спортшы бақ сынайды.

14 мамыр 2024 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 057
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 658

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031