» » Қазақстанда тек қазақ тілді спорт арнасы ашылады

Қазақстанда тек қазақ тілді спорт арнасы ашылады

Қазақстанда тек қазақ тілді спорт арнасы ашылады «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы («Астана» ПКСК, Қазақстан) «Сетанта Спорт Еуразия» және «Сетанта Спорт Еуразия плюс» телеарналарының меншік иесі болып табылатын «Eurasian Broadcasting Enterprise Limited» (EBEL, Ұлыбритания) компаниясымен бірлесе отырып, елімізде ұлттық спорттық телевизиялық контент құру жобасын қолға алды.
Лондондағы ҚазақстанРеспубликасының Ұлыбританиядағы Елшілігінде қос тарап өзара келісім меморандумына қол қойды. Аталмыш құжат «Астана» Президенттік клубының құрамына кіретін барлық клубтардың спорттық жетістіктері мен жарыстарының «Сетанта Спорт Еуразия» және «Сетанта Спорт Еуразия плюс» телеарналары арқылы қалың бұқараға таратылатынын айғақтайды.
Меморандумдағы келісімге сәйкес, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Белорусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Эстония сынды елдердің қалың аудиториясы аталмыш телеарналар арқылы «Астана» брендімен ел намысын қорғап жүрген барлық үздік клубтарымыз бен спортшыларымыздың жетістіктері мен жарыстарын тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ біздің спортшыларымыз жайлы арнайы бағдарламалар, эксклюзивті сұхбаттар, жаңалықтар бөлімі және сараптамалық бағдарламалар жасалады.
EBEL халықаралық ірі спорттық бродкастердің телеарналарындағы алғашқы бірлескен спорттық бағдарламалық эфир 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Сонымен қатар халықаралық спорттық телекомпания мен Қазақстан тарапының келіссөздері барысындағы тағы бір маңызды мәселе – «Сетанта Спорт» аясында желі арқылы таралатын және қазақ тілінде көпшілікке ұсынылатын жаңа спорттық телеарна құру болып тұр. Бұл жоба халықаралық аренадағы спорттық контентіміздің беделін арттырып қана қоймай, отандық қазақ тілді журналистердің шығармашылық жұмыстарына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Өз кезегінде «Астана» Президенттік клубы жаңа жобаны жүзеге асыру барысында қазақстандық спорттық журналистерді тарту мәселесіне қызығушылық білдіретінін хабарлайды.
Ақпарат көзі: vesti.kz


07 маусым 2018 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930