» » ЕҰУ студенттері «Жастар Жалыны - 2018» фестивалінің жеңімпазы атанды

ЕҰУ студенттері «Жастар Жалыны - 2018» фестивалінің жеңімпазы атанды

Бейбітшілік және келісім сарайында дәстүрлі «Жастар Жалыны – 2018» шығармашылық жастар фестивалінің жабылу салтанатына арналған гала-концерті өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Фестиваль Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Аталмыш шара биылғы жылы Астана қаласының Қоғамды даму істері басқармасының ұйымдастыруымен еліміздің елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп отыр. 
Жыл сайын шығармашыл жастар арасында жаңа есімдер мен таланттардың жұлдызын жағатын «Жастар жалыны» фестивалі осы жылдың  23-29 сәуір аралығында өткізілді. Елорданың жоғары оқу орындарының ең талантты студенттері «Вокал»,  «Театр», «Поэзия», «Халық биі», «Заманауи би», «Жастар қуаты», «Жүзден жүйрік», «Ұлттық аспаптар», «Медиа», «Фото» аталымдар бойынша өзара бақ сынасты. 
«Фестиваль жыл сайын жастарға үлкен сахнаға жол ашуда. Осы шараға Астананмыздағы 14 жоғары оқу орнының студенттері қатысқан фестивальдің биылғы гран-приі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттеріне бұйырды», - деді Қоғамдық даму істері басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.
Қазылар алқасы құрамында халықаралық конкурстардың лауреаты Әнел Марабаева, спорттық биден олимпиада чемпионы Айдана Бегленова, ҚР-ның мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов және т. б. болды.
Еуразия Ұлттық университетінің студенттері бірнеше «Вокал», «Театр», «Халық биі», «Ұлттық аспаптар» аталымдары бойынша үздік деп танылды. 
«Жастар қуаты» аталымы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері жеңіске жетсе, «Астана» медицина университетінің командасы «Медиа» аталымы бойынша үздік деп танылды. Ал Еуразия гуманитарлық институтының құрама командасы «Фото» аталымы бойынша үздік шықты.
Фестивальдің  жабылу салтанатына Астана қаласының басшылығы, Парламент және қалалалық мәслихат депутаттары, өнер және мәдениет қайраткерлері, жастар ұйымдарының  көшбасшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Жеңімпаз командалар және жұмыстары ең үздік танылған жастар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
01 мамыр 2018 ж. 1 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930