» » Ардагер атындағы аламан

Ардагер атындағы аламан

Жуырда Ұлы Отан соғысының ардагері Төлек Жайылғановты еске алуға арналған ересектер арасында волейболдан аудандық турнир өткізілді. Ардагер ұрпақтары ауызбіршіліктің ерен үлгісін көрсетіп, ата есімін ардақтады.
Төлек Жайылғанов – 1914 жылы осы ауданда дүниеге келген. 1942- 1945 жылдар аралығында 719-шы атқыштар полкінде болған. 1946 жылы 16 шілдеде отбасына аманесен оралып, елге қызмет етеді. Отбасын құрып, 6 перзент тәрбиелейді. Соғыстағы ерліктері үшін «Ұлы жеңістің 20,30 жылдық», «Кеңес Одағының қарулы күштеріне 50,60 жылдық, «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1950 жылдан бастап Обаға қарсы күрес мекемесінде жұмыс істеп, 1959 жылы осы жерден зейнетке шығады. Өмірі өнегеге толы ардагер 1984 жылы 70 жасында өмірден озған. Алайда ата ұрпақтары оның есімі мен ерлігін ұмытқан емес.
Ардагер есімін ардақтаған турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов келіп тілектестігін білдіріп, ризашылығын жеткізді.
– Қазақ «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді. Өткеніне бейжай қарамайтын сіздердің бұл істеріңіз көпке үлгі. Мұндай бірліктің үлгісін сөзге тоқтай білетін, бірлікте болатын жандар ғана жасай алады. Басталғалы отырған тағылымды шараларыңыз берекелі болсын! Ауданда спортты дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Осындай ақ тілекпен басталған турнирде аудан азаматтары бақ сынады. Жүлделі І орынды 6-аймақ жеңіп алса, ІІ орын 4-аймаққа, ІІІ орын 1-аймаққа бұйырды. Ал Ұлағат Ангисов, Ғалымжан Райымбаев, Нұрдәулет Мұханбетқалиевтер «Үздік ойыншы» атанса, Еркін Сағындықов пен Талғат Әптаев «Үздік үйлестіруші» болды. Сондай-ақ «Үздік либеро» номинациясын Асылан Аманбаев қанжығасына байлады. Жеңіс төрінен көрінген жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар тарту етілді.
Ата есімін ардақтаған спорттық шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков қорытындылап, ақ тілегін білдірді. Ал ұйымдастырушылар мұндай өнегелі істің алдағы уақытта да өркен жаярына бек сенімді.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
17 қазан 2024 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

№81 (10346)

12 қазан 2024 ж.

№80 (10345)

08 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031