» » Алтынғат пара-пар жеңіс

Алтынғат пара-пар жеңіс

19 қыркүйек күні Испанияның Леон қаласында жастар арасындағы әлем чемпионаты басталған еді. Сол сында бақ сынаған жерлесіміз Ерасыл Сәулебеков қола жүлдегер атанды. Бұл жетістік оның спорттық мансабындағы тағы бір маңызды белесі. Осыған дейін ауыр атлеттің талай топтан дара шыққанын жақсы білеміз.
17 жастағы спортшымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс сомасында 344 келі нәтижемен өнер көрсетті. 5 тәсілді сәтті қолданып, табанды күресте серпе көтеруден күміс медаль және қоссайыс қорытындысы бойынша қола медаль жеңіп алды.
Жас спортшы өзінің табандылығы мен шеберлігін тағы бір рет дәлелдеп, ел абыройын әлемдік аренада асқақтатты. Ерасыл бұған дейін де халықаралық деңгейде үздік нәтиже көрсетіп, жасөспірімдер арасында екі дүркін Әлем чемпионы атағына ие болған. Оның тұрақты жетістіктері еліміздегі жасөспірім спортшылар үшін үлгі болып қана қоймай, Қазақстанның спорт саласындағы беделін нығайтуға елеулі үлес қосуда.
Ал жерлестері Ерасыл сынға түсер уақытта оны тікелей көрсетілім арқылы Орталық алаңда тамашалады. Жанкүйер қауым жігер беретін сөздерімен қолдау білдірді. Жерлесіне жеңіс тілеп, кент орталығынан табылған қауымға қарап көңіл сүйсінді. Елім дейтін ердің, ерім дейтін елдің нағыз көрінісін аңғардық. Ел абыройын асқақтатқан ерге көрсетер құрмет барда, мерейіміз таси беретіні сөзсіз.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
28 қыркүйек 2024 ж. 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031