» » Қазақстан чемпионатынан олжалы оралды

Қазақстан чемпионатынан олжалы оралды

«Спорт деген бір сиқыр» демекші, спорттың қай түрі болсын адам денсаулығына пайдалы және мемлекетті әлемге танытатын бірегей сала. Ол арқылы елдің туы көкке көтеріліп, әнұраны шырқалады. Жеңіске жеткендердің төбесі көкке бір елі жетпей қалса, Отанға деген сезімнің биік үлгісі де осы спорттың еншісіне бұйырған.
Осы ретте ауданымызда спорт саласы жылданжылға дамып, өркендей түсуде. Оның ішінде волейбол спорты да бар. Бүгінде ауданның жасөспірім спортшылары облыстың «Қайсар» клубының құрамында ойнап, спортсүйер қауымды қуантуда. Оның қатарында қыздар арасында аудан тарихында бірінші болып Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеплицейінің 9 сынып оқушысы Дениз Баймахан облыс құрамасында ойнап, жетістікке жетуде.
Жас спортшының бұл ойын көрсетіп жатқан екінші ірі жарысы. Алғашқысы Ресейдің Соль-Илецк қаласында 5 мемлекет қатысқан халықаралық деңгейдегі дүбірлі додада команда үздік бестікті түйіндесе, екіншісі Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 22-29 маусым аралығында өткен 2010- 2011 жылы туған жастар лигасы қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты. Осы Біріншілікте де облыс командасының тұғыры биік болып, ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Жарыс жолына шыққан республиканың әр түкпірінен сайдың тасындай іріктеліп алынған 16 команданың қай-қайсысы да осал емес-ті. Дегенмен осыған дейінгі жаттықтырушылардың төгілген маңдай тер еңбегі мен жеңіске деген қажырқайратының арқасында үміт ақталды деуге болады.
– Волейболдан облыстық іс-шараларға қатысып жүреміз. Бірақ мынадай Қазақстан чемпионатында ауданның спорт мектептерінен қатысып, жүлде салған шәкірттеріміз болған емес. Ел біріншіліктеріне қатысқан қыз-жігіттеріміз болды. Бірақ олар сыртта, Орал, Көкшетау, Ақмола облыстарында дайындалып, сол жақтың атынан шыққан болатын. Өзіміздің спорт мектебінен арнайы волейбол үйірмесін ашып, бала дайындаған емеспіз. Тек 2020 жылдан бастап осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында аудан әкімінің қолдауымен спорт мектебінен бөлімше ашып, алғашқы қыз-жігіттер топқа қабылдана бастады. Содан шығып тұрған шәкірттеріміз – Дениз қызымыз бен Мирас Тотайбек деген баламыз облыс құрамасының сапында Қазақстан біріншілігіне қатысып жүр. Өзіңіз білетіндей, Дениз Сұлтанханқызы Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанып отыр.
Бізде спорт мектептерінде бұрыннан тарихымызда келе жатқан спорттың жекпе-жек түріне басымдық беріліп кетті де, қазақ, белбеу күресі, самбо, дзюдо түрлеріне мамандандық. Оған білікті жаттықтырушылар да жоғары деңгейде атсалысты. Бірақ спорттың ойын түрлеріне келгенде кенжелеп қалғанымыз жасырын емес. Сол себепті соңғы 4-5 жылдың көлемінде әріптестеріме осы бағытта жұмыс жасауымыз керек екенін айтып, назарларын аудардым, – дейді аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Нұрбол Төлендіұлы.
– Денизді дайындап жүргеніме бірер жылдың көлемі болды. Әдіс-тәсілдерді тез игерді. Өздеріңіз көріп отырғандай, нәтиже жемісін беруде. Жаттығудан қалмайды. Республикалық, облыстық турнирлерде облыстың білікті мамандарының көзіне түсіп, облыс құрамасына алынды. Шәкіртімнің алар асуы, бағындырар белесі әлі алда деп ойлаймын. Менен басқа, оның осындай нәтиже көрсетуіне «Қайсар» клубының аға жаттықтырушылары Замэла Мэлсқызы, Жасұлан Бердібаев, үнемі қолдауын аямайтын аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаевтың және әріптесім Ербол Бермановтың еңбегі зор, – дейді жүлдегердің жаттықтырушысы Талғат Абтаев ризалық сезіммен.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
02 шілде 2024 ж. 811 1

Terence от 29 мамыр 2025 07:08
Cheers, I like it! casino en ligne You've made your stand extremely clearly!. casino en ligne France Many thanks! I like it! casino en ligne Seriously many of excellent facts! casino en ligne You actually suggested that very well. casino en ligne You actually mentioned that terrifically! casino en ligne fiable Thanks a lot. I enjoy it! casino en ligne Amazing posts. Cheers. casino en ligne You said it perfectly.! casino en ligne Nicely put. Regards. casino en ligne France

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 858
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30