» » Волейболдан облыстық ашық турнир

Волейболдан облыстық ашық турнир


    Өткен аптада кенттегі Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері», Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі, ардагер-ұстаз Еркін Атабаевтың жүлдесіне арналған облыстық ашық турнир ұйымдастырылды. Спорттық сайыс волейболдан 2010-2011 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан өткізілді.
    Оның негізгі мақсаты – аудан тұрғындары арасында саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру, ауданда волейбол ойынын кең көлемде дамыту, аудан жастарын дене шынықтыру және спортпен айналысуға тартып, волейбол ойыны негізінде олардың денсаулығын нығайту.
Облыстық ашық біріншілікке Қызылорда, Байқоңыр қалалары, Төретам кенті, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш, Қазалы, Арал және өз ауданымыздан 10 команда, 120-ға жуық жасөспірім қатысты.
   Қыздар арасындағы аталмыш турнир тартысты өтті. Бірінен-бірі озған командалар жеңісті оңай бермеді. Бір-біріне лайықты қарсылас бола алған турнирде командалар жанкүйерлердің көзайымына айналды. Шын мықтылар ғана олжалы қайтқан турнир көптің көңілінен шықты. Нәтижесінде өз қайсарлықтарымен көзге түскен аудан командасы ІІІ орынға табан тіресе, жаңақорғандық команда ІІ орынды иеленді. Ал Арал командасының асығы алшысынан түсіп, І орынмен марапатталды. Аудан командасынан үздік ойынымен көзге түскен Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Дениз Баймахан (жаттықтырушысы Талғат Ерболатұлы) турнирдің «Үздік шабуылшысы» номинациясына ие болды.
«ҚТ» ақпарат
09 сәуір 2024 ж. 976 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 742

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031