Құрылтай
» » Үстел теннисінен аудандық ашық біріншілік өтті

Үстел теннисінен аудандық ашық біріншілік өтті


Ағымдағы жылдың 8-10 сәуір Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде 2022 жыл балалар жылына орай үстел теннисінен 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілік өз мәресіне жетті.
Спорттық шараның негізгі мақсаты: аудан көлемінде үстел теннис спортын дамыту, спорттың бұқаралығын арттыру, үстел теннисін аудан көлемінде дамыту, облысқа аудан құрама командасын іріктеу, спортшылардың қарым-қатынасын нығайту.
Аудандық ашық біріншілікке Қызылорда қаласы, Жаңақорған ауданы, Сырдария ауданы, Жалағаш ауданы, Қармақшы ауданы, Қазалы ауданы, Арал аудандарынан 7 команда 100-ге жуық жасөспірім қатысты.
2005-2006 ж.т. кіші жасөспірім ұлдар арасында Абдуллаев Арман ІІІ орын, 2005-2006 ж.т. кіші жасөспірім қыздар арасында Аязбаева Мерей ІІІ орын, Қызтуған Жанель ІІ орын, 2009-2010 ж.т. кіші жасөспірім ұлдар арасында Қару Нұрмұхамед І орын, 2011-2012 ж.т. кіші жасөспірім ұлдар арасында Назар Нұрбек І орын, 2011-2012 ж.т. кіші жасөспірім қыздар арасында Атахан Жанель ІІІ орын және Аязбаева Айару ІІ орын иеленді.
Жалпы командалық есепте Қармақшы ауданы І орын иеленді.
Спортшыны дайындаған Тайбағаров Руслан және Туртбаев Азамат.
11 сәуір 2022 ж. 1 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31