Гір спортынан аудандық ашық біріншілік өтті
Үстіміздегі жылдың 15-16 шілде күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай гір спортынан аудандық ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Аудандық ашық біріншілікке Сырдария, Жалағаш және Қармақшы ауданының спортшылары қатысты.
Аудандық ашық біріншілікке 2009-2010, 2007-2008, 2006-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында 12 салмақта сынға түсті.
Спорттық шараның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қаңтардағы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауын жүзеге асыру, облыс біріншілігіне іріктеу, салауатты өмір салтын насихаттау, гір спортын ауданда дамыту, мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезін тиімді пайдалана отырып спортқа тарту, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту болып табылады.
2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншіліктің жеңімпаздары
34 кг салмақ дәрежесінде – Күзембай Ералысұлтан
38 кг салмақ дәрежесінде – Күзембай Абылайхан
2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншіліктің жеңімпаздары
46 кг салмақ дәрежесінде – Ермаханов Біржан
53 кг салмақ дәрежесінде – Кажденбек Еркебұлан
2006-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншіліктің жеңімпаздары
53 кг салмақ дәрежесінде – Әміртай Саят
58 кг салмақ дәрежесінде – АймырзаевБақтияр
63 кг салмақ дәрежесінде – Қалжанов Әділет
+63 кг салмақ дәрежесінде – Еркінұлы Елшіби
2006-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілік ІІІ орын алған спортшылар
53 кг салмақ дәрежесінде – Жандарбек Ерсін
+63 кг салмақ дәрежесінде – Әділбеков Мейірбек
Жеңімпаз және жүлдегер спортшыларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және медалдар табысталды.
Пікір 3