» » Дәстүрлі спартакиада додасы

Дәстүрлі спартакиада додасы

Өткен аптада аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай интернационалист жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевты еске алуға арналған мектеп оқушылары арасында аудандық дәстүрлі спартакиада өтті.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, аудан жастары арасында бұқаралық спортты арттыру, мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу, болашақ ұрпаққа әскери-партиоттық тәрбие беру.
Спартакиадада оқушылар спорттың 8 түрінен жарысты. Атап айтсақ, баскетбол, волейбол, қол добы, асық ату мен бес асық, үстел теннисі, қол күрес, «АК74» қаруын бөлшектеу, жинақтау және қарудың оқжатарын жарақтау бойынша бақ сынасты.
Екі күнге созылған тартысты додада жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орынды 55 ұпаймен №30 орта мектеп, ІІ орынды 61 ұпаймен №105 мектеплицейі, І орынды 65 ұпаймен №250 мектеп-лицей командасы жеңіп алып, дәстүрлі спартакиаданың жеңімпазы атанды.
Құралай АЛТАЙҚЫЗЫ
02 сәуір 2024 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 137
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 716

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031