Құрылтай
» » Спартакиада жалауы желбіреді

Спартакиада жалауы желбіреді

Өткен сенбіде аудандағы Омар Шораяқұлы атындағы №30 мектептің спорт залында Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай және интернационалис-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алуға арналған мектеп оқушыларының жыл сайынғы дәстүрлі спартакиадасы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев және бір топ ардагерлер қатысты.
       Жарыстың шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Шараның мақсаты – ҚР Президентінің Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру, саламатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында спорттың бұқаралығын арттыру және Ауғанстан елінде қайтыс болған жауынгерлерді еске алу.
    Сайысқа қатысушылар спорттың 9 түрінен сынға түсті, яғни баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, гір тасын көтеру, қол күрес, «АК-74» қаруын бөлшектеп жинақтау, оқжатарын жарақтау және пневматикалық винтовкадан ату сынды сайыстан бақ сынасты.
Жалпы команда бойынша №250 мектеп-лицейі І орынға көтерілсе, №26 мектеп ІІ орынға жайғасты. Ал №30 мектеп ІІІ орынды місе тұтты. Қалған командалар жинаған балдарын қанағат етіп, ойынды аяқтады.


Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
11 ақпан 2020 ж. 1 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 503
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 993

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031