» » Премьер-лига. "Ордабасы" үшінші ойын қатарынан ұтылды

Премьер-лига. "Ордабасы" үшінші ойын қатарынан ұтылды

Футболдан ел премьер-лигасының ХІ тур ойындары аяқталды. Маусымды сәтті бастаған "Ордабасы" соңғы үш ойында ұпайсыз қалып отыр. Шымкентте өткен ойында алаң иелері Қостанайдың "Тобыл" клубына есе жіберді. Ойында қонақтарға жеңіс сыйлаған голды 20 минутта Бауыржан Тұрысбек соқты. "Тобыл" соңғы үш турда жеңіске жетіп келеді. "Астана" өз алаңында "Ақтөбені" 3:1 есебімен ұтты. Ойында алаң иелері сапынан Джордже Деспотович, Марин Томасов пен Дмитрий Шомко гол соқса, Рейналдо "Ақтөбенің" бір голын еншісіне жазып қайтты. Алматыда "Қайрат" Қарағандының "Шахтер" клубын 2:0 есебімен айқын ұтты. Бірінші таймда Гафуржан Сүйімбаев "кеншілер" қақпасы алдындағы қарбаласта мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда алаңға шыққан Бауыржан Исламхан 79 минутта гол соғып, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. Павлодарда "Ертіс" "Қызылжарды" 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Оралда "Ақжайық" "Жетісудан" 2:0 есебімен басым болды. Ал Қызылордада өткен "Қайсар" мен "Атырау" клубтары арасындағы ойында гол соғылмады. ХІІ тур ойындары 27 мамырда өтеді.

21 мамыр 2018 ж. 1 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 292
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 174

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031