Құрылтай
» » АҚТӨБЕ» ҮШІНШІ ҚҰРАМЫМЕН «ҚАЙСАРДЫ» ҰТЫП КЕТТІ

АҚТӨБЕ» ҮШІНШІ ҚҰРАМЫМЕН «ҚАЙСАРДЫ» ҰТЫП КЕТТІ

    Қызылордалық «Қайсар» ел біріншілігінің алғашқы турында «Ақтөбені» қабылдады.    Қазір проблемалардан бас көтере алмай жүрген «ақ-қызылдар» Қызылордаға жастарын жіберді. Яғни, «Қайсарға» қарсы «Ақтөбенің» екінші емес, үшінші құрамы ойнаған.
    Бірақ «қасқырлар» қарсыластарына азуын батыра алмады. Көптеген мамандар бұл ойында алаң иелері сенімді жеңіске жетеді деп болжаған. Алайда үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.
    75-минутта қонақтардың шабуылшысы Абат Айымбетов «Қайсардың» үш қорғаушыдан сытылып өтіп, айып алаңына кірген. Сол тұста алаң иелері ойын тәртібін бұзып, төреші пенальти белгіледі. Нүктеге келген Асыланбек Кәкімов мүлт кеткен жоқ. Бұл матчтағы жалғыз гол болатын. 0:1 – «Ақтөбе» жастары сырт алаңда маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

12 наурыз 2018 ж. 1 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31