«Барыс» 9 ойыннан кейін жеңіске жетті
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын «Барыс» 9 ойыннан кейін жеңіске жетті. Елордалық команда Екатеринбургте «Автомобилисті» 4:2 есебімен ұтты.
Ойындағы бірінші шайбаны 9 минутта Ярослав Евдокимов соғып, «Барысты» алға шығарды. Екінші кезеңде үш шайба соғылды. Никита Михайлис 28 минутта елордалық команданы екі шайба басымдығымен алға шығарды. Хоккейші мұз айдын иелері қақпасына асқан шеберлікпен шайба соқты.
34 минутта «Автомобилист» сапынан Алексей Василевский нәтижені қысқартты. 39 минутта Роман Старченко «Барыстың» ойындағы үшінші шайбасын есепке тіркеді.
Үшінші кезең де нәтижелі болды. 47 минутта Роман Старченко ойындағы екінші шайбасын соғып, дубль орындады. 58 минутта «Автомобилист» сапынан Александр Торченюк команданың екінші шайбасын соғып, соңғы нәтижені тіркеді.
Осыған дейін «Барыс» команданың осы маусымдағы ең үздік сұрмергені канадалық сұрмергені Линден Веймен келісімшартын үзген еді. Ол Швейцарияның «Цюрих» командасына ауысты. Сондай-ақ Константин Пушкарев, Джеймс Райт пен Мэтт Фрэттин де команданың сырт алаңдағы ойындарына барған жоқ.
67 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференцияда 10-орында келеді. 8-орында тұрған «Сібір» командасынан 9 ұпайға қалып келеді. Келесі ойынын 21 қаңтар күні Астанада «Ладаға» қарсы өткізеді.
Пікір 1