» » Қазақ қызы өнер көрсеткен «Шығыс» хоккей командасы жеңіске жетті

Қазақ қызы өнер көрсеткен «Шығыс» хоккей командасы жеңіске жетті

Қазақстандық хоккейші Фатима Қытайбекова өнер көрсеткен Шығыс команда құрамасы Батыс дивизионын жеңді. Бұдан бөлек ӘХЛ жұлдыздары матчына тағы екі отандасымыз қатысты.
Бүгін Астанада «Хоккей жұлдыздары матчы» басталды. Әйелдер хоккей лигасының ойынында мұз айдынға шыққан «Томирис» клубының хоккейшісі Фатима Қытайбекова өз әсерімен бөлісті.
«Эйфориядамын. Өзіміздің алаң мен трибуна жақсы әсер етті. Осыншама жанкүйер келгені үшін қуаныштымын», - дейді ол.
Фатима Қытайбекова хоккей жұлдыздары апталығында ойнайтынын таяуда ғана білген. Бүгінгі матчқа санаулы күн дайындалған.
«Алдыңғы дивизионда ойнайтын қыздардан көп нәрсе үйрендім. Бүгінгі ойында қолымнан не келеді, соны көрсеттім. Шығыс командасының қыздары мені қолдап, көмектесті. Олар өте мықты. Бұл жарысқа санаулы күн ғана дайындалдым. «Хоккей жұлдыздары» матчында ойнайтынымды жаңа жылдың алдында ғана естідім. Команда бізді жақсы қабылдады. Бөліп жармады. Достасып кеттік», - деді Фатима Қытайбекова.
Еске сала кетсек, «Барыс» клубының президенті Асқар Шопобаев қазақстандық хоккейші қыздардың әйелдер хоккей лигасында өнер көрсетуі мүмкін екенін айтқан болатын. Осы орайда Фатима Қытайбекова өз ойын айтып өтті.
«Біздің федерация мен «Барыс» хоккей клубы әйелдер хоккей лигасында ойнауымыз үшін бар күшін салады деп ойлаймыз. Бұл зор тәжірибе. Басшылық пен Қазақстанның атын шығару үшін жаттыға береміз», - деді ол.

11 қаңтар 2018 ж. 1 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 747
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031