» » Шағын футбол жарысы

Шағын футбол жарысы

qarmaqshy-tany.kz Байқоңыр қаласындағы “Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының спорт алаңында Төретам кенті және Ақай ауылында 1974 жылы туған азаматтардың ұйымдастыруымен дүниеден өткен құрдастарын еске алу мақсатында шағын футболдан жарыс өтті. Оған сегіз команда қатысып, өзара ойын өткізді.
Нәтижесінде ардагерлер және жастар болып екі топқа бөлінген командалардан озып шыққан құрамалар өзара жартылай және финалдық ойындар ойнап, оның қорытындысымен ардагерлер арасында өткен тартысты ойында І орынды «Ардагер-2» жеңіп алса, жүлделі ІІ орынды «Ардагер-3», ІІІ орынды «Ардагер-1» құрамасы иемденді.

Ал, жастар арасында өткен жарыс қорытындысымен І орынды «ДЮШС» құрамасы, қалған жүлделі ІІ және ІІІ орындарды 1989 және 1998 жылы туған жастардан құрылған командалар өзара бөлісті.

Сондай-ақ, жарыста үздік ойындарымен көрермен көзайымы болған аяқдопшылар арнайы номинацияларға ие болды.

Шара барысында ұйымдастырушылар «Жәрімбет ата» мешітінде өмірден өткен құрбықұрдастарына арнап ас беріп, Құран бағыштаса, бір топ көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларына қаржылай, азық-түліктей қолдау көрсетті.
Нұрбай ӘБІЛАХАТОВ
18 шілде 2023 ж. 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 069
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 730

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031