«СЫР МЕДИА» – ЧЕМПИОН
Өткен жексенбі күні Үсен Томанов атындағы №183 орта мектептің спорт залында Астана қаласына – 20 жыл, Қызылорда қаласына – 200 жыл және Қармақшы ауданына – 90 жыл толуына орай, сонымен бірге аудан әкімінің жүлдесін сарапқа салуға арналған облыс бұқаралық ақпарат құралдары спортшылары арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Сұлтан Мақашов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілілік тіледі.
Биыл үшінші рет өткізіліп отырған аталмыш жарысқа 7 команда қатысып, олар екі топ бойынша келесі кезеңге өту үшін өзара ойындар өткізді.
Әсіресе, топтық ойындар барысында бірінші топта жақсы өнер көрсеткен шиелелік «Өскен өңір» мен «Меншікті тілшілер» командалары, сонымен қатар екінші топта өткен жылы осы жарыста І және ІІ орынды өзара бөліскен «Қызылорда телеарнасы» мен «Сыр медиа» және «Қармақшы таңы» құрамалары арасында өткен ойындар өте тартысты өтті.
Ал, жарыстың екінші кезеңінде, яғни ақтық айқасқа жолдаманы сарапқа салуға арналған «Өскен өңір» мен «Қызылорда телеарнасы» мен «Сыр медиа» және «Меншікті тілшілер» командалары аарасында өткен жарыстың негізгі бөлігі те аяқталғанымен, пенальти тебу арқылы финалдық ойынға қатысушы командалар анықталды.
Нақтырақ айтқанда ақтық кездесуде 2017 жылы аудан әкімінің жүлдесін жеңіп алған «Сыр медиа» құрамасы мен биыл алғашқы рет қатысып отырған «Өскен өңір» қомандасы арасындағы тартысты өткен ойында оның қорытындысымен «сырмедиалықтар» шиеліліктерді 5:3 есебімен ұтты. Сөйтіп, араға жыл сала Қармақшы ауданы әкімінің жүлдесін өздеріне қайтарды. ІІ орынды «Өскен өңір» командасы олжаласа, жүлделі ІІІ орынды 6:4 есебімен Әлімжан Жақанов бастаған «Қызылорда телеарнасы» құрамасы еншіледі.
Сонымен бірге, жарыс барысында өздерінің үздік ойынымен жанкүйер көзайымы атанған спортшылар да түрлі номинация бойынша марапатқа ие болды.

Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
«Қармақшы таңы».