Құрылтай
» » Қармақшыда жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир болып өтті

Қармақшыда жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир болып өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында Үсен Көлдейұлы Томанов атындағы №183 орта мектебінің спорт залында Досымханов Жандос Бахытжанұлын еске алуға арналған шағын-футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир болып өтті.

Турнирдің мақсаты: ауданда шағын-футбол ойынын облыс көлемінде дамытып, Республикаға облыс құрама командасын іріктеу және Жандос Бақытжанұлын еске алу болып табылды.

Аудандық ашық турнирге Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы, Қазалы ауданы және Қармақшы ауданынан 9 команда 80-ге жуық жасөспірім қатысты.

Аудандық ашық турнирде үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшыларды арнайы медаль, кубок және алғыс хаттармен марапатталды.
Үздік қақпашы - Ерахмет Нұрсұлтан ( Қызылорда )
Үздік қорғаушы - Әлқуатов Дінмұхаммед (№250 мектеп)
Үздік шабуылшы - Тасбергенов Куаныш ( Жандос )
Үздік ойыншы - Ағаділ Нұраділ ( Қазалы )
Үздік сұрмерген - Ыбырайым Жанаділов ( №26 мектеп )
І орын - №15 ОРМБЖМ
ІІ орын - №26 мектеп
ІІІ орын - №183 мектеп иеленді.

https://www.instagram.com/p/CrIKJhhtCh2/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
17 сәуір 2023 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31