» » Үстел теннисінен бақ сынады

Үстел теннисінен бақ сынады

qarmaqshy-tany.kz Аудан орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде үстел теннисінен кіші жасөспірімдер арасында облыстық жарыс өтті.
Аймағымыздың барлық өңірінен және еліміздің басқа да қалаларынан келген теннисшілермен бірге біздің де жерлестеріміз бақ сынады.

Нәтижесінде аудандық денешынықтыру және спорт клубының Руслан Тайбағаров жаттықтыратын жас теннисшілері өздерінің жас аралықтары бойынша аудан намысын абыроймен қорғап, жалпы командалық есепте ІІ орынға ие болды.

Жекелей және жұптық кездесулер нәтижесімен Нұрбек Назар, Нұрислам Назар, Айару Аязбаева жарыс жеңімпазы атанса, Жанел Атахан, Еркеназ Мұхтар, Рамазан Бектаев, Айшабибі Дарханқызы, Назым Қасымова, Мейірбек Жақанша жүлделі ІІ және ІІІ орындарға көтерілді.

Ал, жұптық сында өнер көрсеткен қармақшылықтар арасында Еркеназ Мұхтар ІІ орынға, Айшабибі Дарханқызы, Назым Қасымова, Мейірбек Жақанша жүлделі ІІІ орынға ие болып, аудан абыройын асқақтатты.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
17 сәуір 2023 ж. 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728