» » Әлем чемпионы туған жер төрінде

Әлем чемпионы туған жер төрінде

qarmaqshy-tany.kz Жас зілтемірші жерлесіміз Ерасыл аз уақыт ішінде қазақтың көк туын екінші рет әлем көгінде желбіретіп, қазақ халқының абыройын дүниежүзіне асқақтатты. Алғашында ол Мексикада, бұл жолы Албания мемлекетінде жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионаттарында жасындай жарқырап, өзге елдің спортшыларын шаң қаптырды.

Қармақшының жас батырын алдымен Қызылорда теміржол вокзалында облыс спортшылары атойлап күтіп алса, аудан орталығында өңір басшысы Жандос Еркінбек бастаған қармақшылық жұртшылық жеңімпаз жерлесіміз бен оның жаттықтырушысы Айдар Ерәлиевті қошеметпен қарсы алды.

Ерасыл Аянұлының құрметіне арналған салтанатты жиында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы байрақты бәсекеде қазақ елінің абыройын асқақтатқан батырымызды жеңісімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Қазақ халқы бұған дейін «Жүз шайырдың отаны» атанып келген қасиетті Қармақшыға қазіргі таңда балуандар мен зілтеміршілер мекені деген атақты қосып жүр. Әрине, оған сіздер мен қазақ халқы куә болды десем артық айтқандық емес. Біздің ауданда бұған дейін балуан да, былғары қолғап шебері де Қармақшыны дүниежүзіне танытқан болса, енді олардың қатарына Ерасылдай зілтемірші батырымыз қосылды. Жерлесіміздің жеңісіне бүкіл қазақстандық спортсүйер қауым куә болды. Әрине, оның жеңіске жетуіне Сыр бойы елінің де қолдауы жоғары болғаны рас. Осыдан кейін Сыр елінің, ауданның жас ұрпақ өкілдері спортқа деген ойын оңынан өзгертіп, спорт залды толтырады деген үміттеміз. Үлгі алып, бой түзейтініне сенімдіміз. Алдағы уақытта да Ерасылдың жеңісті жолдарын жалғастырып, қазақ елінің абыройын Әлем аспанында желбірете беретініне сенеміз, – деді ол.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы жас зілтемірші Ерасыл Аянұлына алғыс хат пен 1 000 000 теңгенің сертификатын тапсырса, оның жаттықтырушысы Айдар Ерәлиевке де алғыс хат тапсырып, сыйқұрмет көрсетті.
Сөз кезегінде жерлесіміз бен оның жаттықтырушысы бұл жеңістің барша Сыр еліне ортақ екенін айта келе осындай тағылымды шараны ұйымдастырушыларға алғаусыз алғысын айтты.
Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков Әлем жеңімпазына ыстық ықыласын айтып, аталық ақ батасын берді.

Салтанат соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.


Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
15 сәуір 2023 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031