» » 15 жастағы әлем чемпионы

15 жастағы әлем чемпионы

Әлем чемпионын жеңісімен құттықтап қармақшылықтар орталық алаңда күтіп алды. Спортшыға құрмет көрсетіп, кент ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері мерейін көтерді. Ауданның мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов Ерасылға ағалық жылы лебізін білдірсе, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Асқар Мереков ақ батасын берді.
Мұнан соң аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов жас спортшыны қа­былдап, құттықтауын жеткізді.
– Қазіргі таңда жастардың спортқа деген қызығушылығы жыл санап артуда. Аудан орталығындағы №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде 1160 спортшы спорттың 14 түрімен шұғылданып келеді. Осындай сайыпқырандарды баптап, байрақты бәсекелерде топ жаруға тәрбиелеп жүрген 34 білікті бапкер бар. Кеше ғана Мексикада ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында І орынды қанжығасына байлаған жерлесіміз Ерасыл Аянұлы осы мектептің түлегі. Ал чемпионды тәрбиелеген бапкер Айдар Ералиев ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Бүгінде жетістігі елге мәлім. Әлемді мойындатқан жеңістеріңіз құтты болсын. Алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерді бағындырасыздар деп сенемін, – деді ол.
Өз кезегінде аудан басшысы Ерасыл мен оның жаттықтырушысына алғыс хат пен сертификат табыстап, сый-сияпат жасады.
Ерсін ӘЛІБАЙ
28 маусым 2022 ж. 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031