» » «ҚР ҰҚК барысы» анықталды

«ҚР ҰҚК барысы» анықталды

Қызылорда облысында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толу мерекесі аясында ҚР ҰҚК Төрағасының кубогіне арналған қазақ күресінен «ҚР ҰҚК Барысы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылжан Жаманқұл баяндады.
Дүбірлі додаға 17 облыс пен Астана және Алматы, Шымкент қалаларынан 20 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінен 4 құрама команда қатысты.
-Сыр елінде алғаш рет Қызылорда облысы әкімдігінің және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен өткен спорт додасы жоғары дәрежеде өтті. Командалар мықты палуандардан жасақталған. Сәйкесінше, 175 спортшы бақтарын сынап, тартысты дода болды,- деді Асылжан Зулфқарұлы.
- Екі күнге созылған турнирдің алғашқы күнінде командалық жарысқа 65,70,75 келі салмақта және екінші күні 90, +90 келі салмақ дәрежелері бойынша мықтылар анықталды. Нәтижесінде командалық жарыста Астана құрамасы, ал 90 килограм салмақ дәрежесінде І орынды Қайыр Мұхамедия еншілесе ,+ 90 келі салмақ бойынша қызылордалық Ғалымжан Әбдрахманов І орынды иеленді,-деді Ғалым Серікұлы.
Айта кетейік, жеңімпаздарға диплом, медальмен қатар ақшалай сыйлықтар табысталды.

05 наурыз 2023 ж. 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930