» » Қаражанов жүлдесі сарапқа салынды

Қаражанов жүлдесі сарапқа салынды

АУДАНДАҒЫ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ «ҚҰРМЕТ» БЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ ҚУАНЫШ ҚАРАЖАНОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН БОКСТАН 2006-2008 ЖЫЛДАРЫ ТУҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ. ОҒАН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БАРЛЫҚ АУДАНЫНАН 11 КОМАНДА, 150-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСТЫ.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ұйымдастырылып отырған спорттық шараның мақ­саты – жасөспірімдерді отан­сүй­гіштікке тәрбиелеу, облыс кө­лемінде боксты дамыту. Сондай-ақ жас­өспірімдер арасында саламат­ты өмір салтын насихаттап, мық­ты спорт шеберлерін шығару.
Үш күнге созылған турнирде боксшылар өз шеберліктерін ортаға салып, тартысты ойын көрсетті. Алғашқы күннен-ақ рингте мық­тылар анықталып келесі турға жолдама алса, жеңілгендер жарыс шеңберінен шығып отырды.
Жарыстың өтуіне Қуаныш Қаражановтың шәкірттері Дәу­лет Қанатбаев, Рүстем Ахметов, Асқар Алмағамбетов, Мұрат Қуанышбаевтар демеушілік жасап, атсалысты. Бүгінде олар елдің әр түкпірінде өз кәсібінен береке тапқан мықты спорт шеберлері.
Жарыс нәтижесінде жерлес­теріміздің бағы жанып, жеңіс тө­рінен көрінді. Олар 38 келі салмақ бойынша Мәди Мырзақұлов ІІІ орынға табан тіресе, Саят Диас І орынды жеңіп алды. 42 келі салмақта Дамир Сайрамов, 44 келі салмақта Әлімжан Жұмабаев, 48 келі салмақта Тілеухан Молдырманов ІІІ орыннан көрінсе, 50 келі салмақта Серік Бердібеков ІІ орын, 52 келі салмақта Фараби Әбішев ІІІ орын, 54 келі салмақта Хасан Мейрамбеков ІІІ орын, Данияр Иманзада ІІ орын, 57 келі салмақта Бейбарыс Базарбаев ІІ орын, 60 келіде Ердәулет Маратұлы І орын, 63 келіде Ақылжан Амангелдиев ІІ орын, 66 келі салмақта Мадияр Әбдімәліков ІІІ орын, Мақсат Қуанышбек ІІ орын, Әлібек Шәкенов І орын, 70 келі салмақта Рахат Темірбаев, Жандәулет Қалмырзаев ІІІ орын, Хәкімжан Аблакимов ІІ орынды иеленді. Ал 2006 жылы туған жасөспірімдер арасында 63 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Абдрахманов пен Нұрперзент Назымбетов ІІІ орын және Мирас Қорғанбек І орынды жеңіп, аудан мерейін үстем етті.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
17 мамыр 2022 ж. 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 216

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 324

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930