» » ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қатысуымен республикалық турнир өтеді

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қатысуымен республикалық турнир өтеді


Тұңғыш рет Сыр өңірінде 1-3 наурыз аралығында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толу мерекесі аясында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төрағасының кубогіне арналған қазақ күресінен «ҚР ҰҚК Барысы» республикалық турнир басталады. Боз кілемде белдесетін додаға 17 облыс пен 3 қаладан 20 команда және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінен 4 құрама командасы өзара бақ сынасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылжан Жаманқұл хабарлады.
-Күні ертең Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қызметкерлерінің арасында ұлттық спортымыз қазақ күресінен республикалық турнир өтеді. Үш күнге созылатын бұл додаға әр өңірдің сайдың тасындай іріктелген мықты деген қауіпсіздік қызметкерлері қатысады. Жалпы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің қатысуымен өтетін республикалық дода алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шымылдырығы түрілгелі отырған сайыстың да Сыр төрінде бірінші рет өтуі біз үшін үлкен мәртебе, - деді басқарма басшысының орынбасары Асылжан Жаманқұл.
Жиын барысында қазақ күресінен жоғары санатты ұлттық дәрежедегі төреші Ғалым Ержанов жарыс ережесін түсіндіріп өтті.
-Жалпы турнир 5 салмақ категориясы бойынша өтеді. Атап айтқанда, 70-75 келі салмақ дәрежесі мен 90-95 келі және одан жоғары салмақта түйе палуандар белдеседі. Жарыс Қазақ күресі ассоциациясының ережесі бойынша бекітілген. Алғаш рет өтейін деп отырған қауіпсіздік комитеті қызметкерлері арасындағы республикалық турнирге мен деген мықтылар жиналған. Оны еліміздің әр аймағынан келген командалармен танысу барысында көзіміз жетті. Ал біздің Сыр елінің намысын Ғалымжан Әбдірахманов есімді азамат қорғайтын болады. Ол қазақ күресінен 2 дүркін Әлем чемпионы атанған. Бұдан бөлек, барлық қатысушыларда үздіксіз дайындықтан өтті. Сондықтан тәуекелге бел буған барлық қатысушыларға тек сәттілік тілейміз!, – деді төреші Ғалым Ержанов.
- Күш атасын танымас дегендей, бұл жарыста осал команда жоқ. Барлығы сен тұр мен атайын деген азаматтар. Алғашқы күні 65,70,75 және одан жоғары салмақтағы командалар күресетін болады. Келесі күні 90,95 және одан жоғары салмақтағы түйе палуандар боз кілемде белдеседі. Алдағы уақытта мұндай республикалық турнирді жыл сайын ұйымдастыруды жоспарлаудамыз, - деді Қазақ күресінен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Болат Кенеев.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

01 наурыз 2023 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930