» » Он бірінші барыс — Мақсат Исағабылов

Он бірінші барыс — Мақсат Исағабылов

3 шілде күні "Барыс-Арена" мұз сарайында астана күніне орайластырылған қазақ күресінен ХІ "Қазақстан Барысы" республикалық турнирі өтті.

Дәстүрлі турнир еліміздегі ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту, жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Турнирдің құрметті қонақтары ретінде ҚР Премьер министірінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ҚР МСМ дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма директоры Қуанышбек Есекеевтер қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

Жарыс ережесіне сәйкес сәуір-мамыр айларында ауыл, аудан, облыстық (қалалық) деңгейдегі және күштік құрылымдар желісі арасында іріктеу жарыстары толығымен өтіп, оған еліміз бойынша бес мыңға жуық спортшы қатысты. Соның ішінен ақтық сынға жолдама алған 36 балуан өзара күш сынасты. Олардың ішінде осыған дейін жеңіс тұғырынан көрінген Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаевтар бар.

Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биылғы турнир "бүк" ұпайынсыз өтті. Биылғы жылы «Қазақстан Барысы» атағын Сыр барысы, Қызылорданың оғланы МАҚСАТ ИСАҒАБЫЛОВ жеңіп алып алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяқты» иеленді.
04 шілде 2022 ж. 1 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930