» » Алтын белбеу: Жерлестің жеңісі

Алтын белбеу: Жерлестің жеңісі





Киелі Қармақшы елі талай балуандарды тәрбиелеген құт мекен. Бүгінде сол спортшыларымыз жер-жерде өткен жарыс додаларында ел намысын қорғап, жеңіс жалауын желбіретіп, ән-ұранын асқақтатуда.
 Мәселен, жақында ғана «Еуразия» спорт кешенінде қазақ күресінен XIІI облыстық «Алтын белбеу» сайысының ашылу салтанаты өтті.
Балуандар белдесуін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай ашып, барша жеңімпаздарға сәттілік, ал ең мықтыға жеңіс тіледі.  Өңірдің барлық аймағынан құралған 9 командадан 200-ден аса ең мықты балуандар өзара белдесті. Жерлесіміз Мақсат Исағабылов ауыр салмақта өнер көрсететін түйе палуандар сайысына қатысқан 16 спортшының бірі болды. Додада бақ сынаған жүйріктерден жүйрік озды. Бізді марқайтатын да, қуантатын да осы, Мақсат балуанның "Сыр барысы" атауына ие болып, І орынды бағындырғаны. Ал Нұрым Сәлімгереев  "Сыр арланы" атауымен ІІ орынды қанжығасына байласа, Жұмахан Сағыныш  "Сыр сұңқары" атауымен ІІІ орынды місе тұтты.
– Жеңіс еңбексіз келмейді. Күні-түн жалықпай жаттығып, жарысқа жауаптылықпен дайындалуымның арқасында осындай үлкен жетістікке қол жеткізіп отырмын. Маған үнемі демеу болған ата-анама және сенім білдіріп қолдаған Сыр еліне айтар алғысым шексіз, – дейді балуанның өзі.
Сонымен «Алтын белбеу» белдігінің иегері жерлесіміз Мақсат Исағабылов атанды. І және ІІ орын алған балуандар 3 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды. Қос спортшы «Астана күні» мерекесі қарсаңында ел астанасында Сыр елінің намысын қорғайтын болады.
Айнұр ӘЛИ
31 мамыр 2022 ж. 944 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728