«АЛТЫН БЕЛБЕУ – 2018» ЖАРЫСЫ
Жақында Қызылорда қаласында қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу – 2018» жарысы өтті.
Аймағымыздың барлық өңірінен өз салмақтары бойынша үздік атанған жас боз кілем шеберлерімен бірге қазақ күресін әлем аренасында асқақтатып жүрген балуандарымыз биыл Астана қаласында өтетін республикалық «Қазақстан барысы-2018» жарысының облыстық іріктеу кезеңіне қатысты.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысында 2003-2004 жылдарғы балуандар арасында өткен белдесулерде жерлестеріміз, атап айтқанда 55 келіде Абдуләзиз Тұраш және 60 келіде Дінмұхаммед Алтай жеңімпаз атанса, 2001-2002 жылдарғы балуандар арасында 51 келіде Шыңғыс Мұқанғалиев, ал 2000 және 1999 жылдарғы жас боз кілем шеберлері белдесуінде 90 келіде Ринат Тоғысов І орынды жеңіп алды.
Сонымен бірге, ересектер арасында өткен белдесулерде 55 келіде Бауыржан Райсов және 74 келіде Ғалымжан Әбдірахманов жеңістің биік шыңына көтеріліп, аудан абыройын асқақтатты.
Сондай-ақ, жерлестеріміз Бекзат Ұзақбаев, Бексұлтан Аманкелдиев,Темірлан Қуантаев, Ерасыл Зейнуллаев, Арман Жалғасбаев, Әсет Әбдіреев, Алмат Тайбағаров және Марат Баймаханов жүлделі ІІ орынды иемденсе, Асылжан Қылышбаев, Дінмұхаммед Жұмаділдаев, Ерсін Тоқтаров, Әзір Әбдірахманов, Арман Кеңшіліков, Ержан Аппазов, Спандияр Алмахановтар өз салмақтары бойынша жүлделі ІІІ орынға көтерілді.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.