» » Аймақтағы Ата-аналар комитеті республикалық байқауда жеңімпаз атанды

Аймақтағы Ата-аналар комитеті республикалық байқауда жеңімпаз атанды


Аймақта облыс әкімінің тікелей қолдауымен Әкелер, Аналар кеңесі құрылып, ұрпақ тәрбиелеуде абыройлы міндеттер атқаруда. Сонымен қатар өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар комитеті нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Соның дәлелі - қаладағы С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің ата-аналар комитеті «Үздік ата – аналар комитеті» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.

-Қазақ халқы қай уақытта да ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп аса жауапкершілікпен қараған. Осы орайда, әр білім беру ұйымындағы ата-аналар комитеті мектепке және отбасыға көмек көрсету мақсатында құрылды. Жақында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балалардың құқықтарын қорғау» комитеті мен адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ұйымдастыруымен «Үздік ата – аналар комитеті» байқауы ұйымдастырылды. Сайыс ережесіне сәйкес, байқау 3 кезең бойынша өткізіліп, 17 аймақтан қатысқан ата-аналар комитеті өз жұмыстарының таныстырылымын жасады. Облыс атынан қатысқан біздің мектептің ата-аналар комитеті озық деп танылып, жеңімпаз атандық. Бұл біздің аймақта ата-аналар мен мектеп байланысы мықты екенінің үлгісі, - деді С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрайымы Самал Абдуғаппарова.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

21 ақпан 2023 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031